Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалынан мәслихат депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін тіркеу аяқталды

20.11.2020 00:15

Саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады

m.ru.sputnik.kz

Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалынан мәслихат депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін мегаполисте Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу туралы мәселе қаралды.

Кандидаттардың заңнамаға сәйкес талаптарға сәйкестігі анықталғаннан кейін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партиялық тізімі ескертусіз тіркелді.

Естеріңізге салсақ, қалалық конференция барысында мәслихат депутаттығына 78 адамнан тұратын кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Олардың қатарында барлық әлеуметтік және кәсіби топтардың өкілдері бар. Олардың ішінде 27 әйел (35%) және 35 жасқа дейінгі 15 жастар (20%).

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгертулер енгізілмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлау күніне екі ай қалғанда басталады және оған бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталатынын атап өткен жөн.

Саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Теги: список