Белгілі вайнер өмірінде алғаш рет дауыс берді

10.06.2019 00:30

Жастардың сайлауға келіп, дауыс беру қарқыны сағат сайын артуда. Әсіресе, Түрксіб ауданындағы № 477 сайлау учаскесіне таң атқалы келіп жатқан жұрттың қарасы көп. Солардың арасында алғаш рет өз даусын беруге келген белгілі вайнер Ақарыс Әділжан да бар.  

«Сайлауға дауыс беруге келгендер көп болды. Үміткерлердің арасынан президенттікке лайығын таңдау бізге де қиын соқты. Десе де, мен өз таңдауымды жасадым», – дейді ол.  

Ал, бақылаушылар тарапы әзірге ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын айтып, сайлау әділ өтіп жатқанын алға тартады. Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған 29 адамнан үйіне барып дауыс алынған.

«Бүгін демалыс болғаннан кейін тұрғындардың дені саяжайда, қонақта болды. Әйтсе де, белсенділік жоғары», – дейді Алматы қаласы №477 сайлау учаскесінің комиссия төрайымы Советхан АРШЫНБАЕВА.

«Қазіргі таңда тұрғындардың зейіні артқан. Ұйымдастырушылық та өте жоғары. Мүлдем заң бұзушылық болған жоқ», – деді Алматы қаласы №477 сайлау учаскесінің бақылаушысы Мұрат ҚҰРМАНОВ.