Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына – 25 жыл

24.12.2019 00:35

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров мәслихаттардың құрылуына 25 жыл толуына арналған қалалық конференцияға қатысты

пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың атынан қалалық мәслихат депутаттарына арналған құттықтау сөзді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров оқыды. Оның айтуынша, мәслихаттар мемлекеттіліктің қалыптасуы мен нарықтық реформаларды жүргізуде ерекше рөл атқарды. Алматының депутаттық корпусы түрлі мамандық өкілдерінен құрылған. Олар мұғалімдер мен дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлер мен кәсіпкерлік қауымдастықтың мұқтаждықтарын түсінеді, біледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Қала дамуының басты табысы – консенсус пен қоғамның барлық күштерінің бірігуі. Барлық жергілікті билік органдарының, соның ішінде ең алдымен мәслихат пен әкімдіктің үйлесімді жұмысы барлық алматылықтардың мүддесін шешуге бағытталған», – деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Оның айтуынша, бүгінде қала алдында жаңа міндеттер тұр. Алматының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданып, қаланың қысқа мерзімді және орта мерзімді даму жоспарлары анықталды.

«Алға қойылған міндеттер мен мақсаттарды шешу үшін біз жеткілікті ресурстық әлеуетке иеміз», — деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров.