Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады
Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілі қоғам қайраткері Серікболсын
Әбділдиннің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің
баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
«Белгілі қоғам қайраткері жəне ғалым Серікболсын Əбділдиннің қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Серікболсын Əбділдəұлы - елімізді дамыту жəне парламентаризмді қалыптастыру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға. Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта, иманы саламат болсын!»- деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.