Отандық кәсіпкер Фарида Мерхамитқызы отбасымен дауыс берді

Отандық кәсіпкер Фарида Мерхамитқызы отбасымен дауыс берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайлауда Алматы қалалық мәслихат депутаттары да белсенділік танытып жатыр. Бүгін ұлттық киім тігумен айналысатын отандық кәсіпкер Фарида Мерхамитқызы отбасымен бірге 164-ші учаскеге келіп, саяси додада өз таңдауларын жасады. Белгілі дизайнер сайлауды мемлекет тағдырын шешетін маңызды оқиға деп бағалады.

«Президент сайлауы деген үлкен саяси дода. Бұл – әр отбасы үшін, біздің балаларымыз, достарымыз, ата-анамыз бен туыстарымыз үшін өте маңызды оқиға. Сондықтан, бәріміз атсалысуымыз керек», – деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Фарида МЕРХАМИТҚЫЗЫ.

Жалпы, қалада дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Әсіресе жергілікті халық түске дейін сайлау учаскелеріне жаппай келіп, өз таңдауларын жасаған.

«Белсенділік танытып жатыр. Әлі де күтеміз. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сайлаушыларға барлық жағдай жасалған», – деді Алматы қаласы № 32 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Зәуре СӘМЕНОВА.

Новости партнеров