Алдыңғы сайлауда дауыс берушілердің тек 73 пайызы ғана сайлау учаскелеріне келген
Алматылықтардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыру қажет. Мемлекет басшысының жарлығын талқылаған қоғамдық кеңес бүгін осындай шешімге келді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өйткені Алматы қаласы 2015 жылы өткен сайлауда өзге өңірлерді алдына жіберіп, қатысу көрсеткіші бойынша соңғы орыннан көрінген еді. Сол кезде тұрғындардың тек 73 пайызы ғана дауыс беріпті. Жалпы, кеңес мүшелері кезектен тыс сайлаудың өтуін бірауыздан қолдады.
«Әр алматылыққа оның даусының қаншалықты маңызды екенін түсіндіру қажет. Өзі қалаған президентін таңдауы тиіс. Бұл жолғы сайлауда тұрғындардың белсенділігі жоғары болады деп ойлаймын», - деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ.