Олар сайлау учаскелерінде қаз бұзушылықтар болған жоқ дейді
Президенттік сайлауды бақылаған тәуелсіз байқаушылардың көптігі шетелдік мамандарды таң қалдырған деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айта кетейік, кеше өткен саяси науқанға шетелден келген бақылаушылар да көптеп қатысты. Бұл Қазақастандағы саяси жағдайға шетелдіктердің де қызығушылығы жоғары дегенді білідіретіндей.
Қазақстандағы Президенттік сайлауға АҚШ-тан бақылаушы боп келген Ричард Уильям Вайтц елімізде өтіп жатқан саяси науқанға жоғары бағасын берді. Ол өмірінде алғаш рет сайлауға бақылаушы болып келген. Қазақстанда тәуелсіз бақылаушылардың көптігіне таң қалысын да жасырмады. Айтуынша, АҚШ-та мұндай жағдайды осыған дейін мүлдем кездестірмепті.
«Бүгін 7 сайлау учаскесінде болдым, бір адам сайлаушылар тізімінде жоқ екенін айтқаны болмаса, басқа жағынан бәрі жақсы. Заң бұзушылық болған жоқ, адамдар белсенді. Көңілім толды. Мені тәуелсіз бақылаушылардың көптігі қызықтырды. Бұл демократияның анық белгісі дер едім», - деді америкалық бақылаушы Ричард ВАЙЦ.
Ал көрші Ресейден бақылаушы боп келген Елена Афанасьева дауыс беру процесінің қалыпты, заң бұзушылықсыз өткенін айтып, сайлаудың өзін жоғары бағалады. Оның әріптестері еліміздің әр өңіріндегі 61 сайлау учаскесінде болып қайтқан.
«Қарқын жақсы. Адамдар белсенді. Ал, әлі де болса сайлауға халық толық келмеді деген мәліметтер болса, оның анық-қанығы бір аптадан кейін белгілі бола жатар. Бірақ мына қарқынның өзі жаман емес», - дейді ресейлік бақылаушы Елена АФАНАСЬЕВА.
ТМД елінен келген бақылаушылар да осынша сайлау учаскелерінде болып, сайлау барысын бақылаған. Олар да президент сайлауын ашық әрі заңбұзушылықсыз өткенін алға тартуда. Қазақстандықтардың белсенділігін қытайлық бақылаушылар да айтып жатыр.
«Қытайдан келген миссия өкілдері саулаудың Қазақстан Республикасының заңнамаларына, халықаралық құқықтардың қалыптасқан нормаларына сәйкес өткендігін хабарлайды. Барлық сайлау процесі жайлы, тыныш ортада өтті. Заңбұзушылықты ьайқамадық.», - дейді ҚХР сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жсн Си ЮНЬ
Айта кетейік, еліміздегі президенттің кезектен тыс сайлауын бақылауға әлемнің 41 елі мен 9 халықаралық ұйымнан келген мыңнан аса бақылаушы бақылады.
Азамат Әуезхан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы