Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығын білдірді
Бәріміз бірге жұмыла күрессек коронавирусты жеңеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында. ҚР Президенті коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғысын білдірді.
«Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!», - деді Президент.