Президент елордаға сенбі күні оралады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады», – деп жазды Берік Уәли.