Сайлау: «Ауыл» партиясы балаларға арналған арнайы қолдау қаражатын енгізуді ұсынды

19.11.2020 02:37

Елімізде неке құрған әр 3 отбасының біреуі ажырасады

inform.kz

«Ауыл» партиясы балаларға арналған арнайы қолдау қаражатын енгізуді ұсынды. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партияның кезектен тыс XVIII съезінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елімізде неке құрған әр 3 отбасының біреуі ажырасады. Соңғы жылдары бұл жағдайдың көрсеткіші едәуір өскен. Осыған байланысты  «Бала капиталы»  деген атаумен 18 жасқа дейін балаға төлем төлеуді қамтасыз ету керектігі айтылды.  Арнайы карта арқылы баланың керек-жарағы мен тамақ, оқу мен оқулығына және емделуіне жұмсалуы керек деп санайды ауылдықтар.

«Бүгінге дейін еліміздің аймақтарында осы мәселелерге қатысты зиялы қауым өкілдеріменен  келелі кездесулер мен әртүрлі семинар, кеңестер өткізілді. Үкімет басшысының атына еліміздегі отбасы институына байланысты депутаттық сауал жолданды. Партияның аталған бағытта атқарылған іс-шараларының нәтижесінде ұлттық құндылықтарды дамуты жөніндегі тұжырымдаманың жобасы жасалды. Ол ҚР Үкіметіне жолданатын болады. Жоғарыда айтылған құндылықтарды сақтау үшін отбасы институты мен ана мәртебесін көтеру керек», – деді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев.

«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезінде сайлау алды бағдарламасы бекітіліп, оған фермерлерге арналған кредиттік мөлшерлемелерді төмендету туралы тармақ енді. Айта кетейік, алдағы парламенттік сайлауға партия тарапынан 19 кандидат ұсынылды.

«Алда үлкен дода күтіп тұр. Сайлау алды насихат жұмыстарын белсенді жүргізуге біздің кандидаттарымыз толық ат салысатын болады. Ұсынылап жатқан кандиттарымыздың барлы ауылшаруашылық, руханият саласында еңбек етіп жүрген азаматтар», – деді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев.