Кезектен тыс президент сайлауын Ұлттық ғылыми академия бірауыздан қолдайды – Мұрат Жұрынов

05.10.2022 02:56
Almaty.tv

«Кезектен тыс президент сайлауын Ұлттық ғылыми академия бірауыздан қолдайды». Бұл туралы  ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғалымның пікірінше, Қазақстанның дәл қазіргі жағдайында сайлаудың өтуі заңды.

«Президенттік сайлауды о баста құптағам. Қазақстанның дәл қазіргі жағдайында бізге дәл осы нәрсе керек. Президент болашағымызға жаңа жол туралы айтты. Оны кім істейді.  Оған жаңа команда керек. Жаңа сайлау керек. Ол сайлауды Ұлттық ғылыми академиясы бірауыздан қолдайды», – деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов.