Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Бұдан бұрын Ысқақов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді. Ал бұрынғы өңір басшысы Қырымбек Көшербаев Тоқаевтың жарлығымен Президен әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған.