Әділғазы Қайырбеков: Бұған немқұрайлы қарауға болмайды

05.10.2022 04:07
Almaty.tv

Алдағы болатын кезектен тыс сайлауда әр азаматтың дауысы маңызды. Лайықты президентті таңдап, бейбітшілікті сақтау қазақстандықтардың міндеті. Төрткіл дүние теңселіп тұрған шақта басшыны сайлап, қарашаның тағдырын нағыз мықтыға тапсыратын кезең келді.  

Almaty.tv зиялы қауым өкілдерімен тілдескен еді.

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков кезектен тыс президент сайлауына немқұрайлы қарауға болмайтынын айтады.

«Кезектен тыс президент сайлауына барша қазақстандықтар өте жауапты қарауы керек деп ойлаймын. Өйткені мемлекет басшысын сайлау, сол орайда бұл орынға лайықты адамды, белгілі бір мерзімге сайлау үлкен де маңызды іс. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды деп ойлаймын. Қазіргі дүрбелең дүниенің жағдайында бізде ойландыратын мәселелер өте көп. Осыларды ескере келіп, алдағы сайлауға біз барып, дауыс беріп, өз таңдауымызды жасаймыз», – деді Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков.

Теги: сайлау