Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

03.03.2022 04:15

Мемлекет басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Украина тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.

Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.