Бұған дейін Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен кеткен еді
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет басшысының бұған дейінгі өкіміне сәйкес, Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен берген өтініші бойынша босатылды.
Бұл лауазымда Нұрмұхамед Байғараевтың орнын Берік Уәли басты.