Елордада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

Ақорда
Ақорда

Бүгінгі сессияда ұйымға Қазақстан төрағалық еткен кезеңде атқарылған жұмыстар қорытындыланады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясын ашық деп жариялады. 

"Тұтастай алғанда, Қазақстан ұйымға төрағалық еткен кезеңде ҰҚШҰ-ның алдында тұрған барлық міндеттер орындалды. Басым бағыттарды іске асыруда көрсеткен қолдауларыңыз үшін және бірлескен жемісті жұмыстарыңыз үшін үлкен ризашылығымызды білдіремін. Құрметті әріптестер, қымбатты достар! Бүгін біз халықаралық аренадағы және өңірдегі ахуал туралы пікір алмасып, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсерін бағалауымыз керекә, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бүгінгі сессияда ұйымға Қазақстан төрағалық еткен кезеңде атқарылған жұмыстар қорытындыланады.

"Сондай-ақ, біз ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарында атқарылған жұмыс туралы мәліметті тыңдап, өткен кезеңдегі қызметті қорытындылаймыз. Төрағалық етушінің құқығын пайдалана отырып Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер", — деді Мемлекет басшысы.

Жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысып отыр.

Сондай-ақ, іс-шараға ТМД Бас Хатшысы Сергей Лебедев пен ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин шақырту алған. 

Бұған дейін тараған ресми хабарламада Армения өкілдерінің есімдері аталған жоқ. Ал Армения СІМ баспасөз хатшысы Ани Бадалян Арменпресс агенттігіне елдің Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Қорғаныс министрлері кеңесінің, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатыспайтынын мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарында ҰҚШҰ-ға төрағалық тізгінін алған болатын. 

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей басшыларының келіссөзі: қандай мәселелер талқыланды

Новости партнеров