Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28.10.2024 11:50

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді", — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Интернет-казино белгісі бар ресурстар тізімі жаңартылды