Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентіне көңіл айтты

18.12.2024 11:00

Президент зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Үнді мұхитындағы Францияға тиесілі Майотта архипелагында «Шидо» атты жойқын цилон болғанын, оқиға салдарынан мыңдаған адам құрбан болу мүмкіндігі туралы хабарланды.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да оқушылар қашықтан оқып жатыр