Екі елдің басшылары телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады», - делінген хабарламада.
Израиль Президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді.
Оқи отырыңыз: Президент АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесін қабылдады