Израиль президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

20.03.2025 15:24

Екі елдің басшылары телефон арқылы сөйлесті

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады», - делінген хабарламада.

Израиль Президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді.

Оқи отырыңыз: Президент АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесін қабылдады