Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады

30.01.2025 18:12

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

 

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды  Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежай маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы ұшақ апаты: 18 адамның денесі табылды