Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды құттықтады

Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады", - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Рамазан айының қарсаңында екі елдің бауырлас халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.  

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады

Новости партнеров