Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандтағы Конгресс-орталыққа барды

04.04.2025 10:45

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандтағы Конгресс-орталыққа барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды.

Оқи отырыңыз: 62 мыңнан астам адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті