Қазақстан мен Өзбекстан өзара тиімді серіктестік аясын кеңейтеді

03.04.2025 21:21

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

Ақорда

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне ерекше мән беретінін жеткізіп, аталған жиын аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

«Президенттер Алматыдағы бейресми кездесудің нәтижелі өткеніне назар аударды. Сондай-ақ оның қазақ-өзбек қатынастарын тағы бір пысықтап, бірлескен жұмыс бағыттарын айқындауға мүмкіндік бергеніне тоқталды», - делінген хабарламада.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша өзара тиімді серіктестік аясын кеңейту ниетін растады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен ЕҚДБ 935 млн доллардың жобаларын қаржыландыру туралы келісті