Қасым-Жомарт Тоқаев достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі
Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи «Шабыт» даму орталығы ашылды