Мемлекет басшысы Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

25.03.2025 11:46

Қасым-Жомарт Тоқаев достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі

Ақорда

Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи «Шабыт» даму орталығы ашылды