Мемлекет басшысы Түрікменстанға барды

10.10.2024 11:29

Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды. 

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.

Оқи отырыңыз: Шымкентте бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды