Президент Үкімет пен әкімдер жұмысының тиімділігі азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағаланатын айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет қабылданған шешімдер күрделі сын-қатерлерге сай болуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мемлекеттік бюджеттің жоспарлануы мен орындалуы көбіне инфляция үдерістерін бақылау шараларының тиімділігіне байланысты. Ұлттық банк пен Үкіметке батыл әрі қалыптан тыс, бірақ сындарлы шешімдер қабылдауға тура келеді. Әлемдегі экономикалық конъюнктура тез өзгеріп жатқан кезеңде таптаурын жолмен жүруге болмайды. Ол заман келмеске кетті. Демек қабылданған шешімдер күрделі сын-қатерлерге сай болуға тиіс. Жолдауда цифрлық активтер айналымына қолданылатын тәсілдерді өзгерту қажет екенін айтқан едім. Қазір мұндай активтерді тек Астана халықаралық қаржы орталығындағы криптобиржа базасында ғана заңды түрде пайдалануға болады", - деді Мемлекет басшысы.
Президент бұл бағытта заңнаманы жетілдіруді тапсырды.
"Алайда, сарапшылардың бағалауынша, Орталықты сауда алаңы ретінде қазақстандық криптоинвесторлардың небары 5 пайызы пайдаланады. Қалғаны астыртын жұмыс істейді. Цифрлық активтердің заңды түрде қолдану аясын кеңейтуге арналған инфрақұрылымды жедел құру керек. Қаржы саласының реттеушілері тиісті заңнама базасын қалыптастыруды қолға алғаны жөн", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Іс-шараны ашқан Президент Үкімет пен әкімдер жұмысының тиімділігі азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағаланатын айтты.
Оқи отырыңыз: Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады