Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді

22.11.2024 00:45

Елдегі жағдай Президенттің жеке бақылауында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды", - делінген жазбада.

Уәлидің сөзінше, Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.