Президент Ресей үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады

Almaty.tv
Almaty.tv

Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.

Оқи отырыңыз: Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады 

Новости партнеров