Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады

Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатын жолдады

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Жеңіс күні: Қазақстан десантшылары парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды

Новости партнеров