Ресей министрі Мемлекет басшысына Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді
Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.
«Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда балаларды қауіпті контенттен қорғайтын SIM-карта іске қосылады