Президент жарлығы бойынша бірқатар ауыс-түйіс болды

28.02.2025 13:15

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар ведомство басшылары ауысты, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 8 наурыз мерекесіне орай әлеуметтік төлем беріледі