Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

22.01.2025 16:33

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады