Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті

27.01.2025 17:58

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады

Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Оқи отырыңыз: Президент "Қазпоштаның" қаржылық жағдайын жақсартуды тапсырды