Су дипломатиясы: Қазақстан қандай елдермен су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізді

20.02.2025 14:05

2024 жылы трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық отырыс өткізілді

Almaty.tv

Қазақстанның Су дипломатиясы аясында 2024 жылы Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық отырыс өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Шу, Талас және Сырдария трансшекаралық өзендері арқылы Қазақстанға су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қытаймен Ертіс және Іле сияқты 20-дан астам өзендер бойынша келіссөздер жүргізілуде. Еліміздің БҰҰ-дың халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенциясына қосылуы маңызды қадам болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан жаһандық ынтымақтастықты нығайтуда: 2024 жылғы сыртқы саясаттың негізгі жетістіктері

Теги: шекара су