Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды

14.02.2025 14:36
Almaty.tv

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды тілішісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды",  - делінген Ақорда хабарламасында. 

Тамара Дүйсенова 2023 жылдан бері Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары болды.

Мамандығы инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Тамара Босымбекқызы бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметтерінде болған.