Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездеседі

20.04.2025 10:11

Кездесу 21-22 сәуір күндері жоспарланып отыр

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21-22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді», - делінген хабарламада.

Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады