Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ақшасын басқару үшін жаңа ережелер әзірлеуді тапсырды
Үкімет пен Ұлттық банк жыл аяғына дейін мемлекеттік қаражатты басқару тұжырымдамасын дайындауы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ең алдымен, мемлекеттік шығындардың көлемі мен тиімділігін бақылау қажет. Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік ережелерді енгізуді жеделдету керек. Жалпы елімізге мемлекеттік қаражатты, мемлекеттік борышты, бюджеттік саясатты, Ұлттық қорды басқару жөніндегі ережелер жинағы керек. Үкімет пен Ұлттық банктен жыл аяғына дейін мемлекеттік қаражатты басқару тұжырымдасамын әзірлеуді сұраймын», – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостанциялардан онлайн көрсетіліп жатыр.