Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Саяси қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне басымдық беру керек.
Үкіметке тиесілі құзырлықтың бір бөлігін министрліктерге бөлу қажет – нақты бір сала саясатына «ұжымдық кабинет» емес, нақты министр жауапты болуы тиіс. Ал, Үкімет салааралық мәселелерді шешуге ден қояды», - деді Мемлекет басшысы.