Президент елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды

01.09.2022 17:43

ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арнасына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет.

Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын.

Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік "рәсімнен" өткен автокөліктерге қатысты болуы керек", - деді Президент.