Құрылыс жүгін көтеру кезінде кранның табанының астындағы топырақ сусып кеткен
Балқашта тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс краны құлады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Оқиға кеше сағат 14.00-де Ағыбай батыр көшесінде болды. Тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда құрылыс краны бір жағына қисайып, құлаған. Жергілікті әкімдік мәлімдегендей, құрылыс жүгін көтеру кезінде кранның табанының астындағы топырақ сусып кеткен.
- РимСтройСервис» ЖШС мердігерлік ұйымы Ағыбай батыр көшесі 18 мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылғы 30 маусымда шамамен сағат 14:00-де профильді парақтарды осы үйдің төбесіне кранмен көтерген кезде, ауыр техниканың оң жақ артқы аутригері жылу трассасы науасының еден плитасын сындырған. Сағат 16:40-та кран қайта іске қосылды. Мердігер ұйым қысқа мерзімде зақымданған плитаны қалпына келтіреді, - деп хабарлады Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.