Алматы облысындағы медбикенің өлімі: күдікті ұсталды

Sputnik / Tabildi Kadirbekov
Sputnik / Tabildi Kadirbekov
Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 тамызда сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскен, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.

"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары Қошмамбет ауылының 42 жастағы тұрғынын анықтап, оны бір сағаттың ішінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған. Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан болған. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Новости партнеров