Шындыққа жанаспайды: Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасады

06.01.2022 07:43

ПД азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және көбейтпеуге, тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты басшылыққа алуға шақырады

ашық дереккөзден

Алматы полиция департаменті қала тұрғындарының пәтерлері мен үйлеріне тонау туралы, сондай-ақ «102» қызметі сигналдарға жауап бермейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қаланың ПД басқармасының Жедел басқару орталығы штаттық режимде жұмыс істейді, «102» пультіне келіп түскен әрбір хабарлама уақытылы өңделеді.

ПД азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және көбейтпеуге, тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты басшылыққа алуға шақырады" делінген хабарламада.