Атырау қаласында тағы бір жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 22 қараша күні сағат 17:30-да орын алған.
«Атырау қаласының «Жұлдыз» шағынауданындағы Аюпов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің жанында автобустан өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «Setra» маркалы жолаушылар автобусының толықтай жанып кеткенін анықтады. Жалын сағат 17:54-те ауыздықталып, сағат 17:59-да сөндірілді. Оған департаменттің 6 қызметкері мен 2 көлік жұмылдырылды» – делінген хабарламада.
Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалын көліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан тұтанған.