Алматы облысында заңсыз арыстан асырап келген қожалық иесі табылды

09.02.2021 19:17

Полиция 28 жастағы Алматы қаласының тұрғынын арыстанды заңсыз асырағаны үшін жауап тартпақ

Polisia.kz

Алматы облысында заңсыз арыстан асырап келген қожалық иесі табылды. 8 ақпанда Талғар ауданының полиция басқармасына белгісіз адам қоңырау шалып, Бесқайнар ауданының тұрғыны жыртқыш аңды ұстап отыр деп хабар берген. Тексеру кезінде ақпарат расталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді полиция 28 жастағы Алматы қаласының тұрғынын арыстанды заңсыз асырағаны үшін жауап тартпақ. Аң патшасын басқа жерге орналастырғанша арнайы қолхат толтырылып, жыртқыш иесінің қолында бола тұрады.