Ішімдіктің салдарынан су басу кезінде отбасын қауіпсіз аймаққа шығара алмаған – полиция

05.05.2020 13:40

Мырзакент кентінің тұрғындарын эвакуациялау кезінде ғана белгілі болған

businessviews.com.ua

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының тұрғыны елді-мекенді су басу кезінде отбасын қауіпсіз аймаққа шығара алмаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі мас күйде болған отағасы көліктің рөліне отыра алмапты. Polisia.kz.-тің мәліметіне сәйкес, бұл жағдай апаттан кейін тәртіп сақшыларының Мырзакент кентінің тұрғындарын эвакуациялау кезінде ғана белгілі болған. Тексеріс барысында полиция қызметкерлері ауыл үйлерінің бірінде алты адамнан тұратын отбасының қалып қойғанын байқап, көмекке келген.

ШУМ:

– Сәламетсіздер ме! Полицияданбыз ғой біз. Мырзакент кентін су алу қауіпіне байланысты жаппай эвакуация жүріп жатыр. Үйде кім бар сіздермен бірге? Жас балаларыңыз, үлкен кісілер бар ма?

– Бар, бар. Балаларым бар.

– Балаларыңыз бар ма?

–  Иә.

– Сіздерге қазір көмектесіп, арнайы автобустарға барып отырғызып, Атакент кентіне апарып, жайғастырамыз. Түсінікті ғой сіздерге?

– Иә, түсінікті.

– Өздеріңізбен бірге құжаттарыңызды алып алыңыздар.

Тәртіп сақшылары осылай мас күйдегі жергілікті тұрғынның төрт баласы мен жұбайын бірден патрульдік автокөлікпен қауіпсіз аймаққа шығарып, арнайы автобусқа отырғызды. Олар отбасы мүшелерін жақын жердегі эвакуация пунктіне жеткізген.