Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті

21.12.2021 14:02

Аталған факт бойынша қылмыстық іс Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды

sklegenda.ru

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 7 жастағы бала бассейнге батып тұншығып, көз жұмды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда өліміне әкеп соққан әрекеттер) және 306-бабының 3-бөлігі (Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн қызметтер көрсету нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер) бойынша тіркелді.

Осы оқиғаға жол берген кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.

Теги: бала