Баланы құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен құтқарды
Батыс Қазақстан облысында 6 жасар бала металл қоршауға қыстырылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, оқиға 8 тамыз Теректі ауданы Юбилейный ауылында болды.
«Сағат 17:19-да 2017 жылғы баланың металл қоршауға қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел құтқару жасағының құтқарушылары балақайдың үй маңындағы қоршаудан шыға алмай тұрғанын көреді. Құтқарушылар алдымен оны сабырға шақырып, содан кейін арнайы құралдардың көмегімен металл қоршаудан алып шығып, ата-анасына табыстады», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Су басудың алдын алу: Алматыда 34 патрульді бригада кезекшілік етеді