Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

14.09.2021 14:09

MPV магнитудасы - 4,2

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

14 қыркүйек сағат 04.19 шамасында Алматы сейсмостансасы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 286 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында – Алматы облысы Панфилов ауданында (таулы аймақ) жер сілкінісін тіркеді. Энергетикалық класы - 9.9. MPV магнитудасы - 4,2. 

Координаттары 44*70 солтүстік енді, 79*81 шығыс бойлық, тереңдігі 15 км. Жерасты дүмпуі сезілмеген. Алматы облыстық ТЖ департаменті осы ақпарат түскеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарға ескертті. Ғимараттардың қирағаны және қаза тапқандар туралы ақпарат әзірге түспеген.